Ақп 13, 2020 11:48 Asia/Almaty

12-15 ақпан аралығында Теһранда ирандық компаниялардың қатысуымен XII Халықаралық зергерлік бұйымдар көрмесі өтеді. Онда аталмыш сала бұйымдарының халықаралық нарықтардағы потенциалы көрсетіледі.

Теһран көрмелер компаниясының директоры Бахман Хұсейнзаде Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл көрмеде ирандық зергерлік бұйымдарды әлем халықтарына таныстыруға тырысамыз. Көрменің тағы бір ерекшелігі іргелі ғылымға негізделген және стартап компаниялардың белсенді түрде қатысуында»,-деді.  Иран зергерлік бұйымдар жасау бойынша әлемнің үздік 7 елінің қатарында.

 

Сараптама