Ақп 14, 2020 02:22 Asia/Almaty
  • Иранның әуе-ғарыш саласындағы жетістіктері

Иран Қорғаныс министрі: «Жерсерік тасығыш зымыранның көмегімен ғарышқа жерсерік ұшыру мәселесі – әлемге белгілі жағдай. Мұның зымырандық бағдарламаға еш қатысы жоқ»,-деді.

Генерал-майор Амир Хатами сәрсенбі күні АҚШ пен Францияның Иранның жерсерік ұшыруының оның халықаралық міндеттемелері мен БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарына қайшы екені туралы уәждеріне реакциясында: «Зымыран саласында тек ядролық оқтұмсық таситын зымырандарды жасауға тыйым салынған. Иранда мұндай зымыран жоқ»,-деді.

Иранда әуе-ғарыш өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Бұл сала басқа өнеркәсіп салалары, соның ішінде теңіз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі және әртүрлі салаларда маңызды рөл ойнайды.   

Жергілікті жерсеріктерді пайдалану және оларды жер орбитасына орналастыру әрбір елге тікелей суреттер алып, болашақ дағдарыстардан хабардар болып, оның салдарларын басқаруға мүмкіндік береді.

Жерсерігінен табиғи апаттар мен ауа райы туралы мәліметтер алу және кеме қатынасы мен навигацияда қолдану аса маңызды.  Осындай жағдайда жерсерік жасау іліміне ие болу және оны ғарышқа ұшыру бәрінен бұрын стратегиялық маңыздылыққа ие.

Бүгінде жерсерігін жасау және ғарышқа ұшыру монополиясы ирандық мамандар тарапынан бұзылды. Бұл Иранның ғылыми жетістіктерге жетуін қаламайтын елдердің әрқилы уәждер айтуына себеп болды. Ал негізі жерсерігін ғарышқа ұшыру мәселесі – толығымен ғылыми тақырып және елдердің дамуына қызмет етеді.

Осыған орай Иранның Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш өнеркәсібі ұйымының ғарыш бөлімінің ақпарат хатшысы Ахмад Хұсейни жуырда «Самұрық» зымыраны арқылы «Зафар» жерсерігінің ұшырылғанына тоқталып: «Жерсерік тасығыш зымыран ғылыми-азаматтық мақсаттарды көздейді. Оны әскери зымырандармен салыстыруға және олармен қатар қойып талқылауға болмайды»,-деді.  

Ғарыш кемелерінің белсенділігі барлық елдер, соның ішінде ИИР үшін ғылыми дамудың жаңа тарауы болып саналады. Кейбір еуропалық елдердің, соның ішінде Франция мен АҚШ-тың осы саладағы уәждері олардың Иранның атылмыш ғылым саласында дамуына қарсы екенін білдіреді.  

Ирандық мамандар жергілікті білімге сүйеніп, ғылымның әртүрлі салаларында, әсіресе әуе-ғарыш саласында Батыстың монополиясын бұзды. Бүгінде ғылыми тақырып ИИР құдіретінің әсерлі тақырыптарының бірі саналады.

Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібіндегі шаралары әлемде толығымен танылған. Бүгінде дүние жүзінде 22 жерсерік ұшыру алаңы бар. Семнандағы хазірет имам Хомейни (р.) атындағы әуе-ғарыш алаңы әлемде танылған, арнайы куәлігі бар.    

Осындай жағдайда жерсерік және жерсерік тасығыш зымыран мәселесі –  толығымен ғылыми және бейбіт мәселе. АҚШ пен Францияның бұған қатысты уәждері тек саяси сипатта айтылған. Иран ғылыми салада бар күш-қуатымен белсенділіктерін жалғастырады. Жерсерігін жасау және ғарышқа ұшыру – Иранның қалтқысыз құқығы. Әлемде бұл салаға қатысты ешқандай тыйым жоқ.

Тегтер

Сараптама