Ақп 14, 2020 13:20 Asia/Almaty

Бейсенбі күні Теһранда Иран халқы мен үкімет басшыларының қатысуымен Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солеймани мен оның майдандастарының қырқы өткізілді.

Бұл рәсімде Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы генерал-майор Исмаил Каани шәһид Солейманидің өсиетнамасынан үзінді оқыды.

Генерал-майор Исмаил Каани осы рәсімде шәһид Солейманиді қарсыласу қозғалысының теңдессіз қолбасшысы әрі ержүрек батыр деп атап: «Сардар Солеймани Ислам революциясы қажет еткен кез-келген майданға бар күш-қуатымен қатысып, батыл әрекет етіп, бастаған ісін сәттіліккен аяқтап отырды»,-деді.

Иранның басқа қалаларындағы халық та бейсенбі күні еске алу рәсімін өткізіп, Ислам революциясы Сақшылар корпусының АҚШ-тың лаңкестік қылмысына ауыр соққы бергеніне алғыс айтып, АҚШ-тың кез-келген қастандығымен күресіп, бұл елдің лаңкестік күштерін аймақтан шығару қажеттігін қуаттады.

Сараптама