Ақп 14, 2020 17:51 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бейсенбі күні кешке Теһранның имам Хомейни (р.) атындағы "Мосалла" кешенінде сардар Қасым Солеймани мен майдандастарының қырқы рәсімінде сионистік режимнің бір қайраткерінің "Израиль мен АҚШ-тың Сирия мен Иракта ирандықтарға соққы беру үшін міндеттерді бөліп алғаны" туралы уәждеріне реакция білдіріп:

"Егер сионистік режим мен АҚШ қателік жасаса, Сақшылар корпусы олардың екеуіне де соққы береді",-деді.  

Pars Today-дің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге қастандық жасағанына Иранның берген зымырандық жауабына тоқталып: "АҚШ-қа қатты соққы берілді, бірақ бұдан да ірі соққы соңғы америкалық сарбаз ислам елдерінен шығарылғанда беріледі. Бұл шындыққа да жақындай түсудеміз",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы, сондай-ақ, сардар Солейманидің Жерорта теңізінің шығысында исламға зарар тимеуі және ислам елдері қайта басылып алынбауы үшін тұрғанын айтып: "Сардар Солейманидің шараларының арқасында сионистік режимнің барлық жерлері палестиналық қарулардың бақылауына алынған",-деді.

Генерал-майор Салами: "Сардар Солеймани ислам әлемін біріктіріп, АҚШ-тың Жаңа Таяу Шығыс құруға бағытталған саясатын жеңіліске ұшыратты",-деді.   

Сараптама