Ақп 14, 2020 19:06 Asia/Almaty
  • Седдиқи:

Теһран жұма намазының құтпагері "Ғасыр мәмілесін" АҚШ Президенті үшін масқара жоба деп атады.

Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында: "Ғасыр мәмілесі" жобасы ислам әлемінде жаңа бір революция мен қозғалыстың басталуына түрткі болды. Бұл қозғалыс америкалық-сионистік жобаның сұрқия мақсатының нәтижеге жетпеуіне себеп болады",-деді.

Казем Седдиқи сөзінің басқа бір бөлігінде Ирандағы Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына тоқталып: "Мәжілістің он бірінші шақырылымы халықтың қырағы бақылауы және Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің қанын назарға ала отырып қалыптасуы керек. Халық шетелдіктерге иек артқан адамдарға дауыс бермесін",-деді.

2020 жылдың 21 ақпанында Иранда Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымына сайлау өтеді.

Тегтер

Сараптама