Ақп 15, 2020 14:15 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ надандығы және жалған мәліметтерімен Батыс Азияны соғыс қаупіне жеткізді

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді террор ету қылмысына тоқталып, АҚШ-тың надандығы және жалған мәліметтерімен Батыс Азияны соғыс қаупіне таяғанын қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі таңертең Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында Американың NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның қаңтар айында сардар Солейманиге террор жасылып, оның шәһид болған күнерінде Иранға орынсыз хат жібергеніне назар аудартып: «Помпеоның хаты қоқан-лоққыларға толы болды, Теһран оларға қатаң жауап қайтарды»,- деді. Зариф АҚШ үкіметін Иранға дағдарыс тудыруымен айыптап, АҚШ-тың өз әрекеттерінің салдарларына жауапты екенін қуаттады.

Зариф сондай-ақ жұма күні кешке Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында журналистердің алдында: «Егер Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаса Иран өз міндеттемелерін қысқарту үдерістен қайтады»,- деп қосты.

 

 

Тегтер

Сараптама