Ақп 16, 2020 18:32 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Сирияға сапар шекті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Сирияның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін бүгін, жексенбі күні парламенттік делегацияны бастап, Дамаскқа аттанды.

Әли Лариджани Дамаскқа аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл сапар Иран мен Сирия арасында әртүрлі салаларда парламенттік әріптестікті кеңейту мақсатында атқарылады",-деді.

Лариджани Сирияны қарсыласу өзегіндегі дос елдердің бірі деп атап, Батыс Азия елдерінің аймақ дағдарыстарын шешу үшін әріптестік жасау қажеттігін қуаттады.  

Сараптама