Ақп 16, 2020 20:51 Asia/Almaty
  • Әли Аскари: Иран халқының сайлауға жаппай қатысуы дұшпандардың сағын сындырады

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы: "Иранда 21 ақпанда өтетін сайлауға халықтың жаппай қатысуы дұшпандардың сағын сындырып, олардың Ислам республикасына қарсы қастандықтарын залалсыздандырады",-деді.

Жексенбі күні Теһранда Абдулали Әли Аскари сайлау өткізудің ел болашағында маңызды рөл ойнайтынын айтып, Иранның әрбір азаматын сайлауға қатысуға шақырды.  

Әли Аскари, сондай-ақ, Иран Телерадио бірлестігінің 21 ақпан сайлауын өткізуге бар күш-қуатымен атсалысатынын айтып: "Бұл ұйым барлық қарым-қабілетін Ислам Кеңесі Мәжілісінің маңыздылығын баяндайтын бағдарламалар дайындауға жұмсап жатыр",-деді.

Сараптама