Ақп 17, 2020 19:35 Asia/Almaty

Фаррохабад мешіті – Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының орталығы Сари қаласында орналасқан Фаррохабад тарихи кешенінің бір бөлігі.

Каспий теңізінен 2 шақырым жерде орналасқан бұл мешіт Сефевилер заманында (шах Аббас I) Исфахан сәулет мектебінің стилімен салынған. Фаррохабад мешітінде салынған күні жазылған тақташа табылмады. Бірақ оның құрылысы х.қ.ж.с.б. 1025 жылы жүргізілген деп болжанып отыр. Шах Аббас I билік құрған кезінің бір бөлігін  өткізген Фаррохабад кешеніне мешіт, көпір және Жаһаннама сарайы кіреді. Қазір бұл кешеннен тек мешіт сақталып қалды.  

 

Сараптама