Ақп 17, 2020 22:05 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ біржақтылықты ұмытуы керек

Иран Президенті АҚШ-тың біржақтылықты ұмытуы қажеттігін айтып: "АҚШ әлем елдеріне көңіл бөліп, құрметпен қарауы тиіс",-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні ақпарат отырысында: "АҚШ әлемді басқару амбициясын ұмытса, әлем қиындықтарды артқа тастайды",-деп қуаттады.  

Рухани Иранның АҚХА бақылауы аясында өзінің ядролық белсенділіктерін жалғастыра беретінін айтып, еуропалықтардың шешім жолын тауып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне қайтып оралатындарына үміт білдірді.

Рухани, сондай-ақ, Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасына тоқталып: "Теһранның эр-Риядпен күрделі мәселесі жоқ. Бірақ егер Сауд Арабиясы Йеменге басқыншылығын тоқтатса, келіссөздерге жағдай жасала түсер еді",-деді.

Иран Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің аймақтағы рөліне тоқталып: "Шәһид Солеймани Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағында тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға талпыныстар жасады",-деді.  

Тегтер

Сараптама