Ақп 18, 2020 00:46 Asia/Almaty
  • Рухани: Әлем басшылары Иран халқының дұшпандық қысымдарға табандылық танытып жатқанына таңдай қағуда

Иран Президенті дұшпандардың Иранның дамуын тоқтату үшін ұйымдастырған қастандықтарына тоқталып: "Әртүрлі елдердің басшылары әрдайым Иран халқының дұшпандық қысымдарға төзімділігі мен табандылығын мақтайды",-деді.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда 33-ші Хорезми халықаралық фестивалінің жабылу рәсімінде фестивальдің үздіктерін құттықтап: "Еуропа елдерінің басшылары Иран халқының осыншама қысымға төзіп, табанды қарсыласып, ғылыми жетістіктерге жетіп жатқанына таң қалады",-деді.

Рухани Иранның әуе-ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталып: "Иран бұл салада сәтті қадамдар жасады, сондықтан зерттеу үдерісін жалғастырады",-деді.

Тегтер

Сараптама