Ақп 18, 2020 19:34 Asia/Almaty
  •  Ислам революциясы жетекшісі: Сайлауға қатысу – Иран халқының діни, ұлттық, революцияшыл міндеті және азаматтық құқығы

Ислам революциясы жетекшісі сайлауға қатысуды Иран халқының діни, ұлттық, революцияшыл міндеті және азаматтық құқығы атап, "жаппай қатысу" мен "жақсы сайлау өткізу" сынды екі тақырыптқа тоқталып: "Сайлау қоғамдық жиһад, нығмет және илаһи сынақ. Сондықтан егер халық жаппай қатысса, исламдық жүйенің абыройы мен елдің нығаюына себеп болып, Иранды қастықтардың алдында күшті қылады",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының мыңдаған халқымен кездесуінде достар мен дұшпандардың 21 ақпанда өтетін сайлауға ерекше назар аударуларын қуаттап: "Дұшпанды өкіндіретін жалғыз жол – Ираның күшеюі. Күшті Иранның факторларының бірі қажет заңдар қабылдау және үкіметтерді дұрыс жолға бағыттау арқылы елге қол сұғылмаушылықты қамти алатын күшті Мәжіліс  болып табылады",- деп қосты. Ислам революциясы жетекшісі  аймақтағы елдердің бірінің парсы тіліндегі британиялық ақпарат құралдардың біріне Иран халқын сайлауға революцияшыл үміткерлерге дауыс бермеу үгіт-насихат жүргізуі үшін мұнай экспортынан түсекен көптеген долларды төлеуі жөніндегі мәліметке сілтеме жасап: "Бұл мәлімет сайлаудың сапасы мен маңыздылығын көрсетеді",- деді.  Аятолла Хаменеи сөзінің басқа бөлімінде АҚШ басышларының Иран мен бұл елдегі сайлау туралы бос уәждеріне жөнінде: "АҚШ аймақта маңызды рөл атқарған сардар Солейманиге террор жасап, аймақты өз бақылауына алғысы келді. Бірақ жағдай ойлағандарынан керісінше болып, Бағдадтағы АҚШ-қа қарсы үлкен шеру, Сирия және Алеппо мәселесі мен аймақта орын алған басқа оқиғалар олардың масқаттарына қайшы болды",- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи дұшпанның тек сардар Солейманиге терор жасаған оқиғада ғана емес, 40 жыл бойы Иран халқынан соққы көріп, сәтсіздікке ұшырағандарын қуаттап: "Америкалықтар өткен 40 жыл бойы саяси, әскери, қауіпсіздік, экономикалық, мәдени және ақпарат қаруларын пайдаланып, исламдық жүйеге қарсы қолдан келген әр әрекетін іске асырды. Бірақ исламдық жүйе құламас түгілі, мың есе күшейді. Керісінше АҚШ бұрынғысынан әлсіреді. Бүгін АҚШ 22 триллиард қарызымен әлемнің ең қарыздар үкіметтерінің бірі саналады және бұл елдегі таптық алшақтық өте жоғары",- деді.  Аятолла Хаменеи АҚШ-тағы кемсітушілік, кедейшілік пен қылмыс туралы тоқталып: "Титаниктің атағы оның бастып кетуіне кедергі бола алмағандай, Американың сыртқы күші мен атағы оны құтқара алмайды, АҚШ батып кетеді",- деп баса айтты.

 

Тегтер

Сараптама