Ақп 19, 2020 15:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқының сайлауға қатысуы АҚШ-ты ызаландырады

ИИР Президенті Иран халқының 21 ақпан сайлауына жаппай қатысуы АҚШ-тың ызасына себеп болады деп тауып: «Иран халқы өз бірлігімен америкалықтарға күш-қуатты екенін көрсетеді»,- деп қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Ислам Кеңесі Мәжілісінің құдыретті орган екеніне назар аудартып: «Иран халқы алдағы жұма күні парламенттік сайлауға жаппай қатысып, тағы бір рет дұшпандарды үмітсіздендіреді»,- деді.

21 ақпанда  208 учаскіде Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы сайлауы, сондай-ақ бес, нақты айтқанда Теһран, Фарс, Солтүстік Харасан, Харасан Разави және Құм учаскілерінде діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы өтеді.

Рухани сөзінің жалғасында АҚШ-тың аймақтағы, әсіресе Иранға қатысты саясатының қате екенін қуаттап: «АҚШ басшыларының мейілінше қысым көрсету саясаттың Иран халқының бірлігі мен құдіретіне нұқсан келтіре алмайтынын және нәтижеге жетпейтінін қабылдауға мәжбүр болатынын білгендері жөн»,- деп қосты.  

 

Тегтер

Сараптама