Ақп 20, 2020 14:21 Asia/Almaty
  • Екі ирандық коронавирустан қаза тапты

Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Құмда коронавирустан екі ирандықтың қаза тапқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур: «Соңғы күндері Құмда тыныс жолдары аурулары артқаннан кейін жүргізілген зертханалық тексерістер екі адамның коронавирусқа шалдыққанын растады»,-деді.

Жаһанпур: «Өкінішке орай, бұл екі адам да жас егделігі және аурухананың арнайы күтім бөлімінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты қайтыс болды»,-деді.  

Әлемде коронавирустан қаза тапқандар саны 2120 адамға жетті. Соның ішінде 8 адам Қытайдан тыс жерде көз жұмды.

Сараптама