Ақп 20, 2020 21:50 Asia/Almaty
  • Сайлау – Иран халқының күш-қуаты мен саяси белсенділігінің белгісі

Иран Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығында Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымына сайлау бұл елдің діни демократиялық жүйесінде сайлаудың маңызды екенін көрсетеді.

Халықтың саяси белсенділігі және өз тағдырын анықтауға тікелей және ерікті түрде қатысуы Ислам революциясы ғұмырының 41 жылында демократиялық мемлекеттердің басты принципі, яғни сайлауға көңіл бөлудің маңыздылығын көрсетеді.

Иран халқының ерікті түрде сайлау учаскелеріне барып, Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі жасыл орындықтарға отыратын адамдарды таңдауы Иранның  діни демократиялық жүйесіндегі ең маңызды органдардың бірі, яғни заң шығару органындағы биліктің айналымын көрсетумен қоса, халықтың өзі мен ИИР жүйесінің тағдырын шешуде тікелей рөл ойнайтынын көрсетеді.

Мықты да тиімді Мәжіліс әртүрлі салаларда заң шығаратынына байланысты елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуында маңызды рөл атқарады, сондай-ақ, халықаралық сахнада да дұрыс ұстанымдар мен шешімдер қабылдау арқылы халықтың ерік-жігері мен талап-тілегін білдіреді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі депутаттардың екі маңызды рөлі, яғни заң шығару және органдарды, соның ішінде үкіметті бақылау және жауап алуына байланысты ел билігінің басқа тармақтарын нығайтуда тікелей рөл ойнайды. Иранда саяси және әскери биліктің маңызды тірегі – сайлауға қатысып, саяси белсенділік таныту.

Осыған орай, Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің жиналысында халықтың 21 ақпан сайлауына жаппай қатысуының АҚШ-ты ашуландыратынын айтып: "Иран халқы өздерінің бірлігі мен біртұтастығының арқасында америкалықтарға мықты әрі құдіретті екенін тағы бір рет көрсетеді",-деді.  

Өткен 41 жыл ішінде Иран халқының әртүрлі саяси салаларға, соның ішінде  сайлауларға қатысуы сол кездегі үкіметтердің амалдарына пайыздық тұрғыдан сәйкес келмеді, бірақ Иран халқы дұшпандардың теріс жарнамалық кеңістігіне бой алдырмай, өз рөлін жақсы атқарып шықты және бұрынғыдай елдегі маңызды саяси сахналарға белсене қатыса беретінін көрсетті.

Иранның өткен 41 жылдағы саяси тарихында халықтың Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауына қатысу деңгейі 51 мен 71 пайыздың аралығында болды. Батыстағы демократиялық елдердің қатысу деңгейін бұл межемен мүлде салыстыруға келмейді.

Иран халқы сол кездегі үкіметтердің амалдарына наразы болса да, ИИР жүйесін қолдауды  жалғастырып келеді. Бұл Иранда халықтық биліктің сапасын көрсетеді. Сайлаудың өткен кезеңдерінде қатысу деңгейі 51 пайыз болса да, ИИР жүйесін жақтау сақталып отыр. Бұл құдірет тудыратын жайттардың бастысы болып саналады.

Тегтер

Сараптама