Ақп 22, 2020 15:07 Asia/Almaty
  • Иранда кейбір учаскелерде сайлаудың нәтижелері жарияланды

Иранның Ішкі істер министрлігінің сайлау штабының баспасөз хатшысы Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы нәтижелерінің белгілі болғанын хабарлады.

 

Сейед Исмаил Мусави бүгін, сенбі күні таңертең журналистердің алдында: «Дауыстарды санағаннан кейін 23 округтің өкілдерінің есімдері анықталды»,- деді. Мусави үлкен қалалрда өткен сайалулардың нәтижелерінің жексенбіге дейін белгілі болатынын қуаттап: «Егер сайлау учаскелер бүгін, сенбінің соңына дейін дауыстарды санап аяқтаса, олардың нәтижелері жарияланады»,- деп қосты.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы жұма күні түнгі сағат он екіде аяқталып, дауыстарды санау басталды.

 

 

Сараптама