Ақп 22, 2020 15:51 Asia/Almaty
  • Мусави: Иранды FATF-тің қара тізіміне енгізу – саяси мәселе

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу ұйымының (FATF) қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобының қара тізіміне енгізілуін саяси мәселе деп тауып: «Ақшаны жылыстау мен терроризмді қаржыландыру мәселелердің ИИР-на қатысы жоқ»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобының шешіміне реакция білдіріп: «ИИР екі жылдан артық уақыт бұрын ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысты барлық заңдар мен ережелерді орындады»,- деді. Мусави  АҚШ, Сауд Арабиясы және сионистік режимнің халықаралық механизмдерге араласу жойқын әрекеттеріне өкініш білдіріп, олардың бұл механизмдерге араласып, оларды саясаттандыруға талпынатындарын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы терроризмді қаржыландыруға қарсы  Теһранның қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобымен ең көп ынтымақтастық жасағанына тоқталып: «Сауд Арабиясы лаңкестіктің орталық банкі және израильдік лаңкестік режим  әлемнің түпкір-түпкіріндегі лаңкестік топтар мен ұйымдарға барынша қолдау көрсетеді, бірақ  олардың жойқын әрекеттеріне қарсы шаралар қолданылмайды»,- деп қосты.

 

Тегтер

Сараптама