Ақп 22, 2020 19:26 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан қаза тапқандардың саны 5 адамға жетті

Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 28 адамға жетіп, олардың бесеуі қаза тапты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур сенбі күні: "Осы күнге дейін Иранда коронавируске күмәнді 785 адам тексерістен өтті",- деді.

Қытайдың Ухань қаласынан таралған корнавирус осы кезге дейін әлемнің 25 елінде, оның ішінде АҚШ, Британия, Австралия, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада, Франция, Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігінде байқалды. Соңғы мәліметтер бойынша, осы күнге дейін Қытайда аталмыш вирусты жұқтырғандар саны 76000-нан асты және 2300-ден артық адам оның салдарынан қаза тапты.

 

Тегтер

Сараптама