Ақп 24, 2020 01:16 Asia/Almaty
  • Дұшпандардың қастандықтарына қырағылық танытып, қарымта жауап беруге дайын болу керек

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні фикһтен тыс дәрісі алдында сөйлеген сөзінде Иран халқының сайлау деген үлкен емтиханнан жақсы өткеніне және дұшпандардың жан-жақты жарнамасының сәтсіздікке ұшырағанына шүкірлік етіп: "Дұшпанның елдің түрлі органдарына соққы беруге бағытталған қастандығына қарсы тұру үшін бәріміз қырағылық сақтап, қорғануға дайын болуымыз керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бөгде елдердің жарнамалық аппараттарының халықты сайлауға қатыстырмау үшін тудырған теріс кеңістігіне тоқталып: "Теріс жарнама бірнеше ай бұрын басталып, сайлауға жақындағанда үдей түсті. Соңғы екі күнде олардың ақпарат құралдары халықты сайлауға барғызбау үшін бір ауру мен вирусты мұрсат ретінде пайдаланудан аянып қалмады",-деп еске салды.

Аятолла Хаменеи ислам республикасы жүйесінде сайлау өткізудің діннің азаттық пен демократияға қарсылығы туралы дұшпандық уәждерді жоққа шығаратынын айтып: «Ислам республикасындағы сайлау діннің демократияны жан-жақты әрі толық қолдайтынын көрсетеді. 41 жылдың ішінде 37 сайлау өткізу исламдық жүйенің демократиялық жағдай қалыптастыруға бар күшін салып жатқанын білдіреді»,-деді.

АҚШ Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі барлық жылдарда жүйені әлсірету және Иран халқының бірлігін бұзуды мақсат тұтып, ИИР-ды іштен саяси қайшылықтар мен әлеуметтік алшақтыққа душар етуге күш салды. Бірақ жуырдағы Мәжіліс сайлауы кезінде Иран халқының теріс ағымдарға қарсы тұрудағы қырағылына куә болдық. Олар дұшпанға ықпал етуге рұқсат бермеді.

Аятолла Хаменеи революция қарқындылығының екі маңызды әрі әсерлі жайтына тоқтады:

Бірінші жайт – халықтың дер кезінде саяси сахнаға қатысуы. Бұл белсенділік дұшпандарды шетке ысырып, оларға Иранның қатты және жұмсақ құдіретін көрсетті.  

Кейбір сарапшылардың көзқарасынша, АҚШ осы кеңістікте жұмсақ соғысты қолдануды мақсат тұтты. Осы теория бойынша, бұл ағым халықтың сайлауға қатысуын солғындатып көрсетуді қалайды. Кампания алдын ала жоспарланды, бірақ жеңіліс тапты.

Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, екінші жайт – басқыншы дұшпанға қарымта жауап беру үшін әзірлікті арттыру қажеттігі.

Ислам революциясының жетекшісі баршаны дұшпанды тануға және қырағылықты сақтауға шақырып: "Дұшпандарға жалдамалы мыңдаған адам Иранның түрлі салаларында теріс әрекет етіп жатқанда Иран халқы арасынан  миллион адам қорғауға, соққы беруге, ақпараттық шабуыл жасауға және халыққа  пайдалы істерді атқаруға  дайын болуы керек",-деді.

Ислам революциясы жеңіске жеткелі бері дұшпандар жүйеге соққы беру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданды. Бүгінде олар Ислам республикасы жүйесінің ұстанымдарын өзгертуді және Иранның тежегіш қабілетін әлсіретуді көздеп отыр. АҚШ Иранға соққы беру үшін қолынан келген істің бәрін жасады, бірақ әр кез Иран халқынан ауыр соққы көрді.

Осы жылдағы тәжірибелер көрсеткендей, әрдайым халықтың ұлы істер жасаудағы рөлі өте әсерлі әрі мәңгілік. Шын мәнінде халықтың дер кезінде сахнаға шығуы және жауапкершілік алуы дұшпандарды шетке ысырып, қоқан-лоққыларды елдің абыройын арттыратын мұрсаттарға айналдырды.  

Сараптама