Ақп 24, 2020 15:43 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусты анықтайтын құралдың алғашқы үлгісі жасалды

Ирандық ғалымдар мен мамандар коронавирусты анықтайтын құралдың алғашқы үлгісін жасап шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, ИИР Қорғаныс министрлігінде ирандық ғалымдар мен мамандар тарапынан коронавирусты анықтайтын құралдардың алғашқы үлгісі жасалып шығарылды.

Бұл құралдар арқылы адамдардың коронавирусқа шалдыққан-шалдықпағанын анықтауға болады. Аппараттар Иранда алғаш рет Қорғаныс министрлігі мамандары тарапынан жобаланып, жасалды.

Бүгін Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан 150 адам қайтыс болып, жалпы көз жұмғандар саны 2592-ге жеткенін хабарлады.

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде осы уақытқа дейін елде 75 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдыққанын айтты.

Сараптама