Ақп 24, 2020 17:31 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан көз жұмғандардың саны 12-ге жетті

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандар санының артқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні: «Иранда коронавирустан көз жұмғандардың саны 12-ге, ал ауруға шалдыққандардың саны 64 адамға жетті»,-деді.

Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні елдің Денсаулық сақтау министріне коронавирустың таралуының алдын алып, тез арада оның тамырын жоюға көмектесу үшін тиісті кешендердің барлық күш-қуатын пайдалануға және нақты есеп беріп отыруға бұйрық берді.   

Тегтер

Сараптама