Ақп 24, 2020 22:13 Asia/Almaty
  • Мәжілістің он бірінші шақырылымы – құрылымдық өзгерістермен қатар жүрген жаңа таңдау

Иранның Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші кезеңіне сайлау нәтижесінің жариялануымен бір мезгілде елде 24 512404 адамның сайлауға қатысып, жалпы дауыс берушілердің 42,57 пайызын құрағанын хабарлады.

Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауының он бірінші кезеңі жұма күні 21 ақпанда Иранның 208 сайлау ауданында және онымен бір мезгілде Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымының алғашқы кезеңаралық сайлауы 5 сайлау ауданында өтті.

Сайлаудың ресми нәтижесі Мәжілістің он бірінші шақырылымының құрамына қатысты саяси-ақпараттық болжамдарды доғарды. Нәтиже көрсеткендей, консерваторлар тобы (Тұрақтылық қозғалысы мен жан-жақты коалиция) астана мен басқа облыстарда сайлауға түсіп, Мәжілісте 290 орынға ие болды. Консерваторлардан кейін тәуелсіз үміткерлер екінші орын алды, ал реформаторлар соңғы орында. Осылайша Мәжілістің он бірінші шақырылымының құрамы консерваторлар тобының көпшілігі, тәуелсіз үміткерлердің азшылығы және бірен-саран реформатордан тұрады деп айтуға болады.

Бұл сайлауда Мұхаммад Қалибаф саяси белсенді тұлға ретінде Теһрандағы тізімде бірінші тұр. Одан кейін басқа да саяси белсенділер, соның ішінде сейіт Мұстафа Мирсалим, Мұртаза Ағатеһрани, Ильяс Надеран, сейіт Мохсен Деһнави және сейіт Махмұт Набавиан Мәжілістің он бірінші шақырылымына жол тартты.

Консерваторлар, реформаторлар, тәуелсіз үміткерлер мен ұстамдылар Иранда басты саяси ағымдар ретінде танылған. 21 ақпан сайлауы бұл ережеден тыс болмады. Олар соңғы сайлауда басты рөл атқарды. Осы ағымдарды ұстанатын партиялар коалиция құру және ортақ тізім ұсыну арқылы халықтың дауысын жинауға талпынды.

Мәжілістің оныншы шақырылымында реформаторлар Теһранда 30 орынға ие болып, басқа қалалардан өкіл шығара алды. Алайда олардың Парламенттегі жағымсыз әрекеттері  халықтың биылғы сайлауда реформаторларға қолдау көрсетпеуіне себеп болды.

Соңғы сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін басты саяси ағымдардың Мәжілістің он бірінші шақырылымындағы құрамы анықталды.

Сайлау  нәтижесі көрсеткендей, Мәжілістің он бірінші шақырылымында өткен құрамның үштен екісі ауысады.

Иранның Сайлау штабының ақпарат өкілі сейіт Исмаил Мусави қазіргі Мәжілістің 13 өкілі жаңа шақырылымға жол тартқанын айтып: «Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымында 168 орын өзгереді»,-деді.

Қалай болғанда да Мәжілістің он бірінші шақырылымында құрамдық өзгеріс үкімет жұмысының соңғы жылдарының ұстамдылар мен реформаторлар арасында емес, үкіметті сынайтын тұлғалардың бақылауында өтетінін көрсетті.  Үкімет бағдарламалары жаңа Мәжілісте қаншалықты қолдауға ие болады?  Келесі жылдың хордад айында (мамыр-маусым) жаңа Мәжілістің жұмысы басталғанда бұл сауалға жауап берілетін болады.

Сараптама