Ақп 27, 2020 18:22 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты

Ислам революциясының жетекшісі Денсаулық сақтау министрі мен оның әріптестері, дәрігерлер мен мейірбикелер, медициналық орталықтардың қызметкерлеріне коронавируспен күресіп жатқандары үшін алғыс айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Медициналық ғылымдар академиясының басшысы сейіт Әлиреза Марандимен кездесуінде елдің Денсаулық сақтау министрі мен оның әріптестері, дәрігерлер мен мейірбикелер, медициналық орталықтардың қызметкерлеріне коронавируспен күресіп жатқандары үшін алғыс айтып: «Бұл аса құнды талпыныстар медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орнын жоғарылатады»,-деп еске салды.

2019 жылдың желтоқсан айында коронавирус Қытайдың Ухань қаласында пайда болды. Індет жабайы жануарлардан басталды деп болжануда.   

Бұл вирус қазір Қытайдың 30 облысымен қоса, әлемнің 35-тен аса еліне, соның ішінде Батыс Азия елдеріне таралды.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, осы күнге дейін әлемде 81 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 30 мыңнан астамы сауығып, 2700-ден астамы көз жұмды.

Тегтер

Сараптама