Нау 20, 2020 13:16 Asia/Almaty

ИИР Президенті хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының басталуына орай сөйлеген сөзінде өткен жылдың оқиғалар мен ерлікке толы жыл болғанын және елдің тарихында ең үлкен оқиғалардың орын алып, Иранның ержүрек халқының мақтан тұтатын ерлік жасағаның қуаттады.

 

Иран Президенті Хасан Рухани

Иран Президенті Хасан Рухани бүгін, жұма күні Наурыз сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып: «Дұшпандар ең ауыр санкцияларды енгізіп, халқымыз бағынады деп ойлады. Бірақ Иранның ұлы халқы бұл қиындықтарға қарсыласып, ерлігін көрсетті. Соңғы онжылдықтарда бірінші рет елдің экономикасы мұнайсыз басқарылды. Америкалықтар инфляция және дамуды құлдырату арқылы Иранды дағдарысқа тірегілері келді. Бірақ мәліметтер 1398 жылдың 9 айынды Иранның экономикасының дамуы оң болып, мүмкіндікке қарай инфляцияның алдының алынғанын көрсетті. Бүгін, яғни 1399 жылдың бірінші күні Иранның стратегиялық қоры әр жылдан және әр Наурыздан жақсылау. Біз жеңілмедік, АҚШ-тың қысымдарына  қарсыластық, Халықаралық сотта да АҚШ-ты жеңдік, бұл сот АҚШ-ты айыптады, Иран бүкіл халықаралық ұйымдарда саяси және қоғамдық ой-пікірі тұрғыларынан жеңіске жетті»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама