Нау 22, 2020 17:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Ешбір ақылды адам АҚШ-тың көмегін қабылдамайды

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтарға сенім артуға болмайтынын қуаттап: «Америкалықтарға коронавирусты шығарды деген айып тағылып отырған жағдайда, ақылы бар ешбір адам бұл елдің көмегін қабылдамайды»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі жексенбі күні теледидардан тікелей сөйлеген сөзінде америкалық басшылардың Иран сұраған жағдайда, дәрі-дәрмек  жіберуге дайын екені туралы уәждеріне тоқталып: «Америкалықтардың сөздері таңғаларлық, өйткені олардың өздері аурудың алдын алуға қажет дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың тапшылығымен бетпе-бет келуде. Кейбір  шенеуніктері бұл тапшылықтардың алдында дәрменсіз болулары туралы ашық айтуда. Сондықтан егер мүмкіндіктері болса, өз халқына көмектессін»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи америкалықтардың сөздерін қабыл ететін сөздер емес деп тауып: «Мүмкін америкалықтар Иранда вирусты одан сайын тарататын дәрі жіберер немесе айтулар  бойынша, тіпті бір бөлігі Иранға арнап шығарылған вирустың әсерін көріп, өз мәліметтерін толықтырып, дұшпандылығын арттыру үшін дәрігерлер ретінде өз адамдарын жіберулері де мүмкін»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында «егер сабыр мен табандылық ақыл, қырағылық және кеңесумен бірге жүрсе, жеңіске жетуге болады» деп тоқталып: «Сабыр ету бағыну емес, әлсіреп, күлік-күмәнге түспеу, дұшпанды батылдық және қырағылықпен тоқтату және жеңу»,- деп баса айтты.  Аятолла Хаменеи елдің 40 жылдық тәжірибесі мен бүкіл дағдарыстар мен қиындықтарға қарсы тұратын мүмкіндіктерін қуаттап, Иран халқына: «Елдің мүмкіндіктері өте көп, бірақ маңыздысы басшылардың оларды анықтап, бүкіл салаларда жас, мүмін, еңбекке құштар адамдарды жұмысқа алу қажет»,- деп жалғастырды. Аятолла Хаменеи халықты коронавирусқа қарсы күрес ұлттық штабының ұсынымдарын орындауға шақырып: «Алла Тағала Иран халқы және басқа мұсылман халықтар, сондай-ақ адамзатқа бұл апаттан құылуға кмектессін»,- деп тіледі.

 

 

Тегтер

Сараптама