Нау 23, 2020 15:48 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың Иранға көмектесуге дайын болуы туралы уәждері – тарихтағы үлкен өтіріктердің бірі

ИИР Президенті америкалықтардың Иранға коронавируспен күресуге көмек көрсетуге дайын екені туралы уәждерін тарихи үлкен өтіріктердің бірі деп тапты.

Хасан Рухани бүгін, дүйсенбі күнгі үкімет отырысында америкалық басшылардың коронавируспен күресуге Иранға көмектесуге дайын екені туралы уәждеріне тоқталып: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз лаңкестік санкицялары ирандықтар үшін көптеген қиындықтар тудырды. Америкалықтар Иранға көмектескісі келсе, мұнай сату, банкілік қатынас, дәрі-дәрмек пен азық және шикі зат салаларындағы ирандықтардың белсенділігіне кедергі болудан бас тартулары қажет»,- деді. ИИР Президенті сондай-ақ америкалықтардың Батыс Азия аймағы мен Ирандағы лаңкестік қылмыстарға жауапты екендерін қуаттап: «Қазіргі жағдайда амеркалықтардың әрекеттері мен қате лаңкестік ой-пікірлері дүниежүзі үшін бұрынғысынан әшкерелеу болды»,- деп қосты. Рухани хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының Ислам революциясы жетекшісі тарапынан «өндіріс серпілісі» жылы деп аталғанына назар аудартып: «Өндіірс серпілісіне жету үшін әлемнің әртүрлі мемлекеттері, әіресе көршілес елдермен жақсы қарым-қатынасқа ие болу қажет»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама