Нау 24, 2020 13:46 Asia/Almaty
  • Рухани: Бүкіл үкіметтер мен халықтар коронавирусқа қарсы күреске бірігуі керек

ИИР Президенті коронавирустың таралуының әлемдік мәселеге айналғанын, сондықтан бүкіл үкіметтер мен халықтардың коронавирусқа қарсы бірігіп күресу қажеттілігін қуаттады.

 

Хасан Рухани дүйсенбі күні Қайыс Саидпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл елдің Ұлттық күні және оның Тунис Президенті болып сайлануымен құттықтап: «Бүгін адамдардың өмірін сақтап қалу және ауруды жеңу үшін әлемдік шаралар мен ынтымақтастық қажет»,- деді.

Рухани АҚШ үкіметінің коронавирус таралған қиын жағдайда Иранға қарсы санкцияларын күшейткеніне тоқталып: «Дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмек жіберудін алдын алу мен Иранның банкілік қатынасын тоқтату адамгершілік негіздер мен БҰҰ-ның заңдарына қайшы»,- деп қосты.

Тунис Президенті Қайыс Саид те АҚШ-тың Иранғақарсы санкцияларын сынап: «Қазіргі жағдайда БҰҰ бүкіл халықтар туралы ойлауы керек»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама