Нау 24, 2020 14:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Италия Сыртқы істер министрлері коронавирустың салдарынан болып жатқан адам өліміне өкініш білдірді

Иран мен Италия Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Луиджи ди Майо дүйсенбі күні телефон арқылы екі елдегі коронавирустың таралуы жөнінде сөйлесіп, коронавирустың салдарынан болып жатқан адам өліміне өкініш білдіріп, бір-біріне көңіл айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Зариф АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақты, заңсыз және адамгершілікке жатпайын санкцияларын жалғастыруына назар аудартып, олардың күшін жою қажеттілікті қуаттады.

Өткен апталарда коронавирустың әлем елдері мен Иранда таралуынан кейін әртүрлі мемлекеттер, олардың ішінде Түркия, Ресей, Пәкістан және Қытай басшылары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі  заңсыз санкцияларын алып тастауды талап етті. Вашингтонның бсты заттар, әсіресе дәрі-дәрмек пен медициналық қажеттіліктерге енгізіп отырған санкциялары Иран халқы, олардың ішінде коронавирусқа шалдыққандарға көптеген қиындықтарды тудырды.

 

Тегтер

Сараптама