Нау 24, 2020 14:58 Asia/Almaty
  • Коронавирусқа қарсы күрес әлемдік ерік-жігерді қажет етеді

Иранның қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Қытай армиясы бірлескен штабы қолбасшысына жіберген жолдауында коронавирусқа қарсы күрестің әлемдік ерік-жігерді қажет ететінін қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, сардар Мұхаммад Бақери дүйсенбіде Қытай армиясы бірлескен штабы қолбасшысына жіберген жолдауында коронавирусқа қарсы күрес саласында бұл елдің Иранға жіберген көмегіне алғыс айтып: «Коронавирус халықтар мен үкіметтердің ахлақ негіздеріне, сондай-ақ олардың достығы, өркениеті мен мәдениетіне табанды болуын тексеретін сынақ. Қатерлі аурудың таралуы және онмыен күресу жағдайдағы Қытайдың адамгершілігі баршаны таңғалдырды»,- деді.

Өткен күндері Қытай үкіеті, халқы және компаниялары тарапынан коронавируспен күресу үшін Иранға көптеегн көмектер жіберілді.

 

Тегтер

Сараптама