Нау 25, 2020 17:59 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан  9000-нан астам адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 9625 адамның сауығып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

 

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы  Киануш Жаһанпур тілшілерге берген сұхбатта:   «Кеше 143  адамның өлімімен осы күнге дейін Иранда 2077 адам вирустан көз жұмды»,- деді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінде коронавирусқа шамамен 428000 адам шалдығып, олардың 19000 қаза болса, 109000 адам жазылды.

 

 

 

Тегтер

Сараптама