Нау 26, 2020 15:50 Asia/Almaty
  • Зариф: Помпео Мемлекеттік хатшы емес,

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сәрсенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Вашингтонның Иранға қарсы «мейлінше қысым» саясатын жалғастыратыны туралы сөзіне реакция білдіріп: «Адам «Помпео Мемлекеттік хатшы ма, әлде "жеккөрініш хатшысы" ма?» деп таң қалады»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мохаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында: «Тіпті пандемия деп жарияланған ауру Майк Помпеоның өтірігіне тосқауыл бола алмайды. Помпео қанша талпынғанымен, экономикалық терроризм, жазықсыздарды қырып-жою, коронавирусқа қарсы әлемдік күреске кедергі жасауға қатысты болуы мен соғысқұмарлығын теріске шығара алмайды»,- деп жазды.

Халықаралық ұйымдар мен әртүрлі  елдер коронавируспен күресу үшін Иранмен ынтымақтастық жасау қажеттілігін қуаттап отырған жағдайда АҚШ Мемлекеттік хатшысы сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранға «мейлінше қысым» көрсету саясатын жалғастыратынын қуаттады.

 

 

Сараптама