Нау 26, 2020 18:57 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан 10000-нан астам адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 10457 адамның сауығып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

 

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде 29406 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, өткен күні 157 адамның өлімімен осы күнге дейін 2234 адам вирустан көз жұмды»,- деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде шамамен 478 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың 114 мыңнан астамы жазылып шықса, кемінде 21 мың адам көз жұмды.

 

Тегтер

Сараптама