Нау 27, 2020 15:34 Asia/Almaty
  • Зариф: Әлем Американың қарақшылық санкцияларының бақылаушысы болмауы керек

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф бейсенбі күні кешке Twitter-дегі парақшасында тіпті әлемнің ірі экономикасы саналатын АҚШ-тың да коронавируспен күресу үшін халықаралық көмек қажет ететініне тоқталып, халықаралық қоғамнан Вашингтон санкцияларының бақылаушысы болмауды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мохаммад Джавад Зариф Twitter-де АҚШ Президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Кореядан көмек сұрағанына тоқталып: «Коронавирус әлемге зардап келтіріп жатыр. Ешбір мемлекет одан қорғалмаған. Тіпті әлемнің ірі экономикасы  да коронавируспен күресу үшін халықаралық көмекті қажет етеді. Бірақ Вашингтон қазіргі жағдайға қарамастан Иранға қарсы экономикалық терроризмін тоқтатпай отыр. АҚШ тұрақты эпидемияны көздей ме? Қарақшылық санкцияларға бағынбау – моральдық қажеттілік»,- деп жазды.

 

 

Сараптама