Нау 28, 2020 17:47 Asia/Almaty
  • Өткен жылы Иранның сауда айналымы 85 млрд долларды құрады

ИИР Кеден басқармасының басшысы х.ш.ж.с.б. 1398 жылы елдің сыртқы саудасының 85 млрд долларға артқанын, осы көлемнен 41,3 млрд доллардың экспортқа, ал 43,7 млрд доллардың импортқа тиесілі екенін айтты.

Мехди Мирашрафи Иранның ішкі-сыртқы сауда көлемінің х.ш.ж.с.б. 1398 жылы 169 млн тоннадан асқанын айтып: «Иранның экспорттық көлемі салмақ бойынша 9,133 млн тоннаға жетті. Бұл импорт көлемінен 3 есе көп. Бұл Иранның мұнайдан тыс экспорт тарихында рекорд саналады. Х.ш.ж.с.б. 1397 жылмен салыстырғанда 5,13 пайызға өсті»,-деді.

ИИР Кеден басқармасының басшысы экспорттық тауарлардың құрамы туралы: «Мұнай-химия өнімдері Иран экспортында ең көп үлеске ие болды. Бұл елдің шикізат сатудан мұнай өнімдерін экспорттауға қарай қозғалғанын көрсетеді»,-деді.  

 

Сараптама