Нау 28, 2020 19:40 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан 11 мыңнан астам адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 11 мыңнан астам адамның сауығып, ауруханалардан шыққанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһангир сенбі күні Iran Press ақпарат арнасына берген сұхбатта: «Осы күнге дейін елде 35408 адам коронавирус жұқтырды. Өкінішке орай,  соңғы  24 сағатта 139 адам вирустан қайтыс болды. Жалпы 2517 адам көз жұмды»,-деді.

 

Тегтер

Сараптама