Нау 29, 2020 18:38 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан 12 мыңнан астам адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 12391 адам емделіп, ауруханалардан шыққанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһангир жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде 38309 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Иранда соңғы 24 сағатта 123 науқас қаза тапты. Жалпы көз жұмғандардың саны 2640 адамға жетті»,-деді.

 

Тегтер

Сараптама