Нау 29, 2020 20:17 Asia/Almaty
  • Рухани: Коронавирусқа қарсы дәрі мен вакцина табу үшін жан-жақты талпыныс жасау қажет

Иран Президенті сенбі күні кешке ең үздік ирандық мамандар және ғалымдармен бейнеконференция арқылы өткен отырыста ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар, жедел медицина, иммунология мен эпидемиология туралы сұхбаттасып, барлық дәрігерлер, мейірбикелер мен медициналық персоналдың талпыныстарына алғыс білдірді.

Pars Today ақпарат сайтының хабарлауынша, Хасан Рухани отырыста бұл күндері коронавируспен күресу үшін көп талпыныс жасалып, жұмыстар атқарылғанына тоқталып: «Қазіргі таңда Иранның медициналық жүйесі мен персоналы арасында тұрақты да тыныш жағдай қалыптасты»,-деді.

Иран Президенті әлемге таралған коронавирустың көптеген елдердің саяси-экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне әсер етіп, өмір салтын толығымен өзгерткеніне тоқталып, вирусқа қарсы дәрі мен вакцина табу үшін жан-жақты талпыныс жасау қажеттігін айтты.

Сараптама