Нау 30, 2020 16:05 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Иранға қарсы медициналық терроризм жасап жатыр

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған жан-жақты соғыс жүргізіп жатқанына тоқталып, АҚШ-тың заңсыз әрі ақлақтан тыс санкцияларын тоқтату қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Коронавирус таралып жатқан кезде АҚШ бүлдіргі әрекеттер мен адам өлтіруден асып өтіп, ирандықтарға қарсы экономикалық соғыс, экономикалық және медициналық терроризмді бастады»,-деп жазды.  

Зариф АҚШ-тың бұл шарасының соғыс алаңында рұқсат етілген әрекеттерден асып түсетінін айтып, кейбір елдерден АҚШ-тың соғыс қылмыстарына ортақтасып, оның заңсыз әрі ақлақтан тыс санкцияларына жақтасуды доғаруды сұрады.

Соңғы апталарда әлем елдері мен Иранда коронавирус таралғанына байланысты әртүрлі елдер, соның ішінде Түркия, Ресей, Пәкістан мен Қытай басшылары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкцияларын жоюды талап етті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп елінің Иранға салған санкцияларын тоқтатуға қарсылық білдірді.  

 

Тегтер

Сараптама