Нау 31, 2020 16:23 Asia/Almaty
  • 12 фарвардин – Ислам республикасының күні

Бүгін Ислам республикасының күні – Иран халқының шынайы ерік-жігері мен талап тілегі көрініс тауып, елдің тағдыры анықталып, исламның мерейі асқақтаған күн.

Имам Хомейни бастаған Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың фарвардин айында (1979 жылы) Иранның түкпір‑түкпірінде Ислам республикасы туралы референдум өтті.

Х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың 12 фарвардинінде (1979 жылдsң 1 сәуірінде) жарияланған нәтиже бойынша референдумға қатысқандардың 98 пайыздан астамы Ислам республикасының құрылуына дауыс берді.

12 фарвардин Иран күнтізбесінде Ислам республикасының күні деп белгіленген.

Иран халқы х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың 12 фарвардинінде ИИР жүйесі тарихындағы алғашқы сайлауға қатысып, бүкіл әлемге бөгделердің Иран халқы үшін шешім қабылдап, ішкі істеріне араласу кезеңінің аяқталғанын көрсетті.

 

Сараптама