Нау 31, 2020 18:28 Asia/Almaty
  • Намаки: Жаңа жетістік жақында Иранды әлемде бірінші орынға шығарады

Иранның Денсаулық сақтау министрі: «Жақын болашақта Иран жұқпалы ауруларды бақылау бойынша елді әлемде бірінші орынға шығаратын жаңалығын жариялайды»,-деді.

Саид Намаки дүйсенбі күні елде қоғамдық денсаулықты сақтау  үшін атқарылған шаралар мен коронавирусқа шалдыққандарды емдеу қызметтеріне тоқталып: «Санкция жағдайында коронавируспен күресу қиын болса да, Иранда науқастарға қызмет көрсету және вирустың таралуының алдын алу бар күш-қуатпен жалғасып жатыр»,-деді.

Намаки Иранның жұқпалы ауруларды бақылауда бір жарқын кезеңге жеткенін айтып: «Сақшылар корпусы мен армия арнайы база мен медициналық шеберханалар құру арқылы емдеуге қажетті заттармен қамтамасыз етіп, медициналық қызметті жоғарылатты»,-деді.

 

Сараптама