Сәу 01, 2020 21:13 Asia/Almaty
  • Дұшпандардың кез келген жердегі Иранға қарсы сәл қателігі олардың соңғы қателігі болады

АҚШ басшыларының Иран халқына кегі мен дұшпандығы өткен 41 жылда талай рет қайталанды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп та қате жолға аяқ басып, Иранды қоқан-лоққымен қорқытып, қысыма көндіремін деген қиялға бой алдырды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы 12 фарвардин Ислам республикасы күніне орай жасаған мәлімдемесінің бір бөлігінде Иранның тежегіш әлеуеттерін дамытып, белсенді қарсыласу және табандылық көрсету стратегиясын  баса айтып, дұшпанның кез келген жердегі Иранға қарсы сәл қателігі олардың соңғы қателігі болатынын айтып: «Ислам революциясының қозғалысы дұшпандарға сенбестей кесімді жауап береді. Тіпті оларға өкініш білдіруге мұрсат қалдырмайды»,-деді.

Тәжірибе АҚШ-тың Иранға қарсы жауластығы бітпейтінін көрсетті. Өйткені бұл – АҚШ-тың үстемшіл болмысының бір бөлігі.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи әртүрлі тақырыптарға қатысты баяндамаларында АҚШ-тың дұшпандығының мақсаттарын түсіндіріп: «АҚШ Иран халқын өз талабына көндіруге мұрсат іздеуде»,-деді.

Шын мәнінде қате есептеулер АҚШ-ты жаңсақ шешімдер қабылдап, орындауға итермеледі. Шешімдері күткен нәтиже бермеді. Бұл есептеулер нәтижесінің қателігі дұшпандардың ИИР жүйесі мен халқының күш-қабілетін шынайы танымайтынын көрсетті.  

Осындай жаңылған сараптамалардың жалғасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның Теһранға қарсы ынсапсыз санкцияларын түсіндіріп: «Иран коронавируспен күрес сылтауымен санкцияларды жойып, өзінің активтерін босатып алуға талпынып жатыр»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен оның ақпарат өкілінің жиренішті сөздеріне білдірген реакциясында АҚШ үкіметінің  Иранның коронавируспен күрес саласындағы шаралары туралы пікір білдіруге ешқандай қақысы жоқ екенін айтты.

АҚШ-тың Иранға ызалы болуының терең тамырлары бар. АҚШ Ираннан талай рет соққы көрді. Қазір де санкцияларға қарамастан Иран халқының қиындықтарды еңсеріп, күннен күнге жетістіктерге жетіп жатқанын көріп отыр. АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, коронавирусты анықтайтын ирандық аппарат жасауы, коронавирусқа қарсы дәрілер жасау саласында ілгерілеуі, оттегі аппараты мен коронавирусқа шалдыққандарға қажет заттарды өндіріп, осындай заттар шығару монополиясын бұзу сияқты жетістіктер АҚШ-тың Иран халқына қарсы зұлым санкцияларының салдарын азайту үшін жан салып жатқан ирандық мамандардың жетістіктерінің бір бөлігі. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы шындықтарды назарға алып, Ақ үйдің ақылы саяз басшыларына: «ИИР-ның барлық билік органдары  халықтың қолдауы мен  жақтасуына сүйеніп, АҚШ-тың біржақты, заңсыз әрі зұлым санкцияларына қарамастан коронавируспен күресін жалғастырып, бұл ауыр сынақтан абырой-айбынмен өтеді»,-деді.  

 

Сараптама