Сәу 04, 2020 16:12 Asia/Almaty
  • Коронавируспен күресу жобасы бойынша 69 миллионнан астам ирандыққа скрининг жасалды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі коронавируспен күресу жобасы бойынша 69 миллионнан астам ирандыққа скрининг жасалғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының жетекшісі Киануш Жаһанпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатта министрліктің скрининг жасау жобасын іске асырыуына тоқталып, осы кезге дейін 69 миллионнан астам ирандыққа скрининг жасалғанын мәлімдеді. Жаһанпур сондай-ақ АҚШ-тың кейбір басшыларының Иранға көмектесуге дайынбыз деген уәждерін қайталауына тоқталып: «АҚШ өзін медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етуде қиындықпен бете-бет келіп отырған жағдайда басқа елдерге дәрі-дәрмек пен медициналық құрал жіберу туралы айтуы бос сөз»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама