Сәу 05, 2020 15:01 Asia/Almaty

Теһранның «Шариф» политехникалық университетінің зерттеушілері алғаш рет Иранда жасанды интеллект алгоритмін қолдану арқылы адам кеудесін компьютерлік томографиядан өткізіп, COVID-19 вирусының салдары өкпе қабынуы ауруын анықтайтын аппараттың ашылу рәсімін өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһранның «Шариф» политехникалық университетінің ақпараттық технология және дамыған байланыстар институтының директоры Хамидреза Рабии сенбі күні осы аппараттың тұсаукесер рәсімінде кеудеге компьютерлік томография жасаудың коронавирусты анықтаудың ең жақсы тәсілі екенін айтып: «Қазіргі таңда әлемде COVID-19 вирусының салдары өкпе қабынуын анықтайтын ирандық аппаратқа ұқсайтын құрылғының біреуі Қытайда, екіншісі АҚШ-тың Стэнфорд қаласында бар. Жас ирандық мамандар да осы аппаратты жобалап, іске қосты»,-деді.  

Теһран облысының коронавируспен күресті басқару штабының басшысы Әлиреза Зали де осы рәсімде компьютерлік томографияның вирус жұқтыру қаупі бар науқастарға скрининг жасаудың ең жақсы әрі әсерлі жолы екенін айтып: «Коронавирусты анықтайтын ирандық аппарат әлемдік үлгілерден нақтырақ әрекет етеді»,-деді.

 

Сараптама