Сәу 06, 2020 17:37 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырған 24 мыңнан астам адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан сауығу үдерісі жылдамдай түскенін , осы күнге дейін вирус жұқтырған 24236 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде 60500 адамның коронавирус жұқтырғанын, өткен 24 сағатта 136 адамның қайтыс болғанын қосқанда вирустан көз жұмғандар санының 3739-ға жеткенін хабарлады.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 282000 адамнан асса, құрбан болғандар саны 70 мыңнан жоғары.    

Сараптама