Сәу 06, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран үкіметі мен халқы америкалық басшылардың сөзіне сенбейді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран үкіметі мен халқының америкалық басшылардың сөзіне сенбейтінін айтып: «Иран АҚШ-қа медициналық көмек жіберу туралы өтініш жасаған жоқ»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күнгі бейнеконференция қалпында өткен баспасөз отырысында әлем халықтарының АҚШ санкцияларының заңсыздығын мойындағанын айтып: «Америкалықтардың азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге санкция салынбағаны туралы уәждеріне қарамастан, іс жүзінде бұл заттардың Иранға кіруіне қажет жолдар жабылды»,-деді.

Мусави кейбір елдердің коронавирустың таралуын теріс пайдалануды көздеп отырғанын айтып: «Иран әлемнің барлық тәуелсіз және өркениетті елдерінен АҚШ-тың заңсыз әрі негізсіз зұлым санкцияларына көңіл аудармауды және оларды орындамауды сұрайды, сонда бір-бірімізге көмектесіп, бұл қиындықты жоямыз»,-деді.  

 

Сараптама