Сәу 07, 2020 15:24 Asia/Almaty
  • Рухани Ислам революциясы жетекшісіне ұлттық даму қорынан 1 млрд. еуро алуға келіскені үшін алғыс айтты

ИИР Президенті елдегі коронавирус таралуының алдын алу және оның салдарларына қарсы шара қолдану үшін Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің ұлттық даму қорынан 1 млрд. еуро алуға келіскені үшін алғыс айтты.

 

Иран Президенті баспасөз қызметінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша Хасан Рухани орынбасары және Иранның бюджет және бағдарлама ұйымының басшысы Мұхаммад Бақер Ноубахтқа ұлттық даму қорынан алынған қаржымен Денсаулық сақтау министрлігі мен ішкі өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, іргелі ғылымға негізделген компаниялардан көмек алуды бұйырды.

Әлемде коронавирус пандемиясының жалғасуы және оған қарсы жан-жақты күрестің қажеттілігіне қарамастан АҚШ «мейлінше қысым» көрсету саясатымен Иранға қарсы санкцияларын жалғастырып, елдің шетелдегі кейбір есеп-шоттарын заңсыз бұғаттап отыр.

 

 

Тегтер

Сараптама