Сәу 07, 2020 15:49 Asia/Almaty
  • Иран Президенті елдердің бір-бірінің тәжірибелерін пайдалануын қуаттады

ИИР Президенті елдер мен үкіметтердің бір-бірінің көмегінсіз, ынтымақтастығынсыз және бір-бірінің тәжірибесінен пайдаланбастан қазіргі пандемияның қиын жағдайынан шыға алмайтынын қуаттады.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, санкциялар жалғасып отырған жағдайда Иран үшін басқа елдерге қарағанда коронавируспен күресудің қиындығына тоқталып: «АҚШ Иранға қарсы заңсыз санкцияларымен халықаралық заңдарды бұзуымен қатар ДДСҰ-ның 2005 жылғы шешімін де бұзып отыр»,- деді.

Рухани БҰҰ Бас хатшысының әлемдегі коронавирус пандемиясы кезінде елдер арасындағы соғысты тоқтату бастамасын қолдап: «Санкцияларды тоқтату мен Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау маңызды. Қазіргі жағдайда оның маңызы арта түсті»,- деді.

Франция Президенті де коронавирус пандемиясы мен еуропалық мемлекеттердің оған қарсы күресіне тоқталып: «INSTEX  қаржы механизмі  арқылы Иран-Еуропа  айналымы артып, қаржы саласындағы ынтымақтастық жеңілдейді»,- деді.

  

 

 

Тегтер

Сараптама