Сәу 08, 2020 15:58 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Трамптың садақасын қажет етпейді

Иран Сыртқы істер министрі Ислам республикасының Трамптың садақасын қажет етпейтінін, Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларының күшін жою қажеттігін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында Иранның халық және табиғи ресустарға бай екенін қуаттап: «Ислам республикасы өкпені жасанды желдету аппараттарын санкция салынған қаржыдан пайдаланып, сатып алуға мәжбүр болған Дональд Трамптың садақасын қажет етпейді. Теһран АҚШ Президентінен Иранға  мұнайы мен басқа тауарларын сатып, қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, ақша табуға кедергі жасамауды талап етеді»,- деп жазды.

Әлемде пандемия жарияланып, оған қарсы жан-жақты күрес жүргізу қажеттілігіне қарамастан АҚШ «мейілінше қысым» көрсету саясатын ұстанып, Иранға қарсы санкцияларын жалғастырып, бұл елдің шетелдегі кейбір мүліктері мен есеп-шоттарын бұғаттады.

 

 

Тегтер

Сараптама