Рухани: Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк өз міндетін орындауы керек
Сәу 08, 2020 18:36 Asia/Almaty
ИИР Президенті Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктін өз міндетін орындау қажеттігін қуаттап: «Егер қазіргі қиын жағдайда олар өз міндеттеріне сай әрекет етпесе, әлем бұл мәселені өзгеше түсінеді»,- деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі Үкімет отырысында Иранның өткен 50 жылда Халықаралық валюта қорынан көмек сұрамағанына және өз міндетін орындағанына тоқталып: «Егер бұл қор Иран мен басқа елдерді алалайтын болса, бұл әрекетті қабылдауға болмайды»,- деді. Рухани Ақ үйдің экономикалық мәселелерімен бірге медицина мәселелерінің де лаңкестік екенін мәлімдеп: «Коронавирус мәселесінде америкалықтар ДДСҰ 2005 жылғы жұқпалы аурулар кезінде барша ынтымақтастық етуі жасауы керек деген шешімін бұзып отыр»,- деді.