Сәу 08, 2020 21:18 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының жан-жақты дамуының жаңа кезеңі басталды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи 20 фарвардин – Ұлттық ядролық технология күніне байланысты жолдауында өткен бір жылдың ішінде ұйымның 122 жаңа жетістігінің тұсаукесер рәсімінің өткеніне тоқталып: «Бұл жетістіктер Иран Атом қуаты ұйымының жан-жақты дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі»,- деп қуаттады.

Салехи әлемдік үстемшіл исламдық Иранға қарсы әділетсіз санкция салып отырған жағдайда елдің дәрігерлер қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз етуді Иранның Атом қуаты ұйымы үшін ұлттық және моральдік міндет деп атап: «Ядролық отын циклы бөлімінде алға қойылған негізгі мақсаттарды ілгерілету, сондай-ақ Бушер АЭС-нің 2 және 3 блоктарын салу жоспарының орындалуы мен жаңа ядролық технологияларды дамыту шынайы ерік-жігермен жүргізілетін болады»,- деді. Иран Атом қуаты ұйымы басшысының Ұлттық ядролық технология күніне байланысты жолдауы Иран халқының Ислам революциясының мақтан тұтатын жетістіктерінің бірі саналатын бейбіт мақсатты ядролық энергияны пайдалануға қатысты ерік-жігерін қуаттайды. Иранның атом өнеркәсібі өзінің ішкі мүмкіндіктерін қолданып,  төрт бағытқа, атап айтқанда  отын циклін аяқтауға, озық технологияларға қол жеткізуге, энергия өндірісі мен ауылшаруашылық, өнеркәсіптік және медициналық жұмыстарға шоғырланады. Қазіргі таңда Иран бұл салаларда тиімді нәтижелерге жетті.  Ядролық ғылымда отын жобасы өте жоғары деңгейдегі технологияны қажет етеді. Сондықтан Иран қысқа мерзімде 20% отынға қол жеткізу арқылы өзінің ғылыми қабілетін көрсетеді. Қазіргі кезде Теһран ғылыми-зерттеу реакторы Иран Атом энергия ұйымы шығарған тақтайшалы отынды пайдаланады. Келесі маңызды мәселе медицина және емдеу саласында ядролық білімді қолдану болып табылады. Радиотерапия және радиоизотоптық терапия сияқты қызметтер  ядролық ғылымның бейбіт ядролық қызметтерінің қатарына жатады.

20 фарвардин - Иранның ядролық кезеңге бет бұрған күні. Қазіргі таңда Иран жергілікті технологияларға сүйенген, ядролық ғылымы дамыған елдердің көшбасшысы. Ғылыми дамыған ел ретінде Иран ядролық медицинаны дамытуға, оқытуға және қызмет көрсетуге көмектесу үшін аймақ елдерінің сұранысы бойынша  тәжірибесі  және білімімен бөлісуге дайын. ИИР  атом өнеркәсібіндегі барлық әрекетімен ядролық келісімдерге толық тұрақты болып,  Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің үздіксіз бақылауымен ядролық технологиялар мен білімге қол жеткізді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сан рет Иранның ядролық қару шығаруды көздемейтінін, Иранның мақсаты бейбіт мақсатты технологияларды қолдану екенін қуаттады.

 

  

 

Сараптама